«Футзал – бірлік пен жеңіске бастар жол»

          2025 жылдың 19 және 26 қыркүйек күндері лицейімізде 5–6 сынып оқушылары арасында футзалдан тартысты жарыстар өтті. Бұл спорттық сайыстың басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ұжымдық бірлікті қалыптастыру болды.

           Футзал додасы айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, әрбір ойында нәтижеге қарай командаларға ұпай беріліп отырды: жеңіс – 3 ұпай, тең ойын – 1 ұпай. Ойындар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шынайы спорттық рух пен тартысқа толы болды. Жарыстың нәтижесі бойынша:

  • 🥇 1-орын – 6 «В» сыныбы
  • 🥈 2-орын – 5 «А» сыныбы
  • 🥉 3-орын – 6 «А» сыныбы

Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ ерекше көзге түскен ойыншыларға арнайы номинациялар табысталды:

  • «Үздік ойыншы» – 5 «А» сынып оқушысы Шайзада Махамбетиар
  • «Үздік шабуылшы» – 6 «В» сынып оқушысы Толипов Исламбек
  • «Үздік қақпашы» – 6 «Б» сынып оқушысы Даулетов Әділ

        Сонымен қатар, лицейіміздің 7–8 сынып оқушылары Алматы қаласындағы Alma School спорт залында өткен жеке мектептер арасындағы мини-футболдан достық кездесуге қатысты. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, спорттық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау болды.

      Ережеде көрсетілгендей, турнирдің міндеттері – оқушылардың ұжымшылдығын тәрбиелеу, жарыс тәжірибесін байыту, спорт арқылы достық пен ынтымақтастықты дамыту еді.

       Ойындар 2 таймнан (әрқайсысы 20 минут), әр команда 6 ойыншыдан құралған форматта өтті. Жарысқа қатысқан мектеп оқушылары өзара тартысты ойын көрсетіп, тамаша әсер алды.        Футзал турнирі мен достық кездесу оқушылардың спортқа деген құлшынысын арттырып қана қоймай, ұжымдық бірлікті, достық пен өзара сыйластықты нығайта түсті. Бұл іс-шаралар жасөспірімдерге қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың бойына адалдық, табандылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дарытты

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *