JOS-долларды жинау үшін сіздердің түрлі іс-шараларға қатысуларыңыз бен жетістіктеріңіз ескеріледі.

Ұпайлар төмендегідей есептеледі:

1. Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар:

  • Мектепішілік деңгей — 200 ұпай
  • Аудандық — 300
  • Қалалық — 500
  • Республикалық — 1000
  • Халықаралық — 1200

2. Спорттық және шығармашылық сайыстар:

  • Мектепішілік — 100
  • Аудандық — 200
  • Қалалық — 300
  • Республикалық — 500
  • Халықаралық — 1000

3. Онлайн-олимпиадалар:

  • Кез келген онлайн деңгей — 100 ұпай

4. Білім жетістіктері (апталық қорытынды):

  • Сабақта белсенділік — 50 ұпай
  • Үй тапсырмасын орындау — 50 ұпай

5. Qalan платформасы (математика):

  • Ай соңында шығарылған есептердің саны есептеледі — әрбір есепке: 1 ұпай

6. WORK SHOP (экономика және қаржы саласында):

  • Белсенді қатысу, жауап беру, сарапшылармен және ата-аналармен өзара әрекеттесу — 50 ұпай

7. Мектепішілік командалық ойындар (Quiz, Finance games):

  • 1 орын — 300 ұпай (әр команда мүшесіне беріледі)
  • 2 орын — 200 ұпай
  • 3 орын — 100 ұпай
  • Ынталандыру/грамота — 50 ұпай

8. Құндылықтар (сынып жетекшісі тағайындайды):
Оқушылар сыныптағы жақсы қасиеттері мен тәртібі үшін төмендегі әрбір санат бойынша 50 ұпайға дейін ала алады:

  • Мейірімділік
  • Құрмет
  • Еңбекқорлық
  • Жауапкершілік
  • Алғыс және т.б.

Жаңа оқу жылында барынша көп ұпай, білім мен жарқын жетістіктер жинауларыңызға тілектеспін! Әр күніңіз мотивацияға, табысқа және жаңа ашылымдарға толы болсын!