JOS-долларды жинау үшін сіздердің түрлі іс-шараларға қатысуларыңыз бен жетістіктеріңіз ескеріледі.
Ұпайлар төмендегідей есептеледі:
1. Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар:
- Мектепішілік деңгей — 200 ұпай
- Аудандық — 300
- Қалалық — 500
- Республикалық — 1000
- Халықаралық — 1200
2. Спорттық және шығармашылық сайыстар:
- Мектепішілік — 100
- Аудандық — 200
- Қалалық — 300
- Республикалық — 500
- Халықаралық — 1000
3. Онлайн-олимпиадалар:
- Кез келген онлайн деңгей — 100 ұпай
4. Білім жетістіктері (апталық қорытынды):
- Сабақта белсенділік — 50 ұпай
- Үй тапсырмасын орындау — 50 ұпай
5. Qalan платформасы (математика):
- Ай соңында шығарылған есептердің саны есептеледі — әрбір есепке: 1 ұпай
6. WORK SHOP (экономика және қаржы саласында):
- Белсенді қатысу, жауап беру, сарапшылармен және ата-аналармен өзара әрекеттесу — 50 ұпай
7. Мектепішілік командалық ойындар (Quiz, Finance games):
- 1 орын — 300 ұпай (әр команда мүшесіне беріледі)
- 2 орын — 200 ұпай
- 3 орын — 100 ұпай
- Ынталандыру/грамота — 50 ұпай
8. Құндылықтар (сынып жетекшісі тағайындайды):
Оқушылар сыныптағы жақсы қасиеттері мен тәртібі үшін төмендегі әрбір санат бойынша 50 ұпайға дейін ала алады:
- Мейірімділік
- Құрмет
- Еңбекқорлық
- Жауапкершілік
- Алғыс және т.б.
Жаңа оқу жылында барынша көп ұпай, білім мен жарқын жетістіктер жинауларыңызға тілектеспін! Әр күніңіз мотивацияға, табысқа және жаңа ашылымдарға толы болсын!

Добавить комментарий